ЕурАзЭҚ Кеден одағын құрылуынан бастап, жеке тұлғалардың жеке тұтынуға арналған тауарларды кедендік баждарды төлемей әкелуге құқығы бар. Тәртіп "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен белгіленген. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан бірыңғай кеден аумағына кірсе немесе әкелсе, ол кедендік баждарды төлемей, кедендік құны (баламасында) және салмағы (брутто) аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге құқылы:
- 10 000 Еуро және 50 кг. алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажды әуе көлігімен әкелу кезінде;
- 500 Еуро және 25 кг. кез келген басқа көлік түрлерімен қозғалғанда;
- 200 Еуро және 31 кг. тасымалдаушы жеткізетін;
- 200 Еуро және 31 кг. халықаралық жөнелтумен жіберілетін.
Тауарлардың кейбір түрлері үшін Бірыңғай кедендік аумаққа әкелуге шектеулер мен тыйым салу белгіленді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешімінің № 1 қосымшасы). Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың тізбесі белгіленді (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің № 6 қосымшасы).
Осылайша, жеке пайдалануға арналған тауарларды бір жеке тұлға 31 кг-ға дейін айына жалпы құны 200 еуроға дейін жеткізе алады, Келісімге жоғарыда аталған қосымшалардағы тауарларды қоспағанда, оларға біртекті тауарға сандық шектеулер де қолданылады.